Бірлік күнінің негізі - бүкіл көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет - Жамбыл облысының әкімі

ТАРАЗ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Таразда, Жамбыл облысының барлық қалаларында және ауылдарында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелік шерулермен, жәрмеңкелермен, спорт жарыстарымен және халықтық сауықтармен атап өтілуде.
None
None

Тараздың «Достық» орталық алаңында балалар шығармашылық ұжымдары аймақтың ұлттық алуан түрлілігіне арналған театрландырылған көріністерді қойды. Еліміздегі халықтардың бірлігін мерекелеген жамбылдықтардың құттықтаған Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев көпұлтты Қазақстанның барлық диаспораларының мәлениеті мен дәстүріне құрмет мерекенің негізін құрайтынын атап айтты. «1 Мамыр - ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан халықтардың келісімі мен достығының белгісі. Әлемдік қауымдастық Қазақстанды тыныштық пен игілік үстемдік құрған бейбітшіліксүйгіш мемлекет ретінде таныды. Біздің еліміз Жер бетінде бейбітшілік пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда, - деді аймақ басшысы. - Жақында Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы - соның жарқын дәлелі. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бір халық» - бұл барлығына бірдей ұлттық мүдде. «Бір ел» - бұл біздің барлығымызға ортақ Отанымыз. «Бір тағдыр» - бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және гүлденген Қазақстан!» Біз бұл бағалы байлықпен мақтануымыз керек және қоғамда ауызбірлік пен ынтымақтастықты сақтау үшін барлық күшімізді салуға тиіспіз», - деп атап көрсетті ол.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер өткізген ауқымды іс-шаралардың арқасында достық пен бірлесу орталығына айналды, - деп жалғастырды әкім.

Бірлік күнін мерекелеу облыс орталықтарының барлық концерт алаңдарында, мәдениет және демалыс саябағында өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар