09:35, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың аясындағы келісім жобаларының энергетикалық пакетін әзірлеу мәселелері талқыланды
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің энергетика министрі Сергей Шматконың Беларусь энергетика министрі Александр Озерцовпен және Қазақстанның мұнай-газ министрі Сауат Мыңбаевпен болған кездесулерінің аясында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру аясындағы келісімдердің жобаларының энергетикалық пакетін әзірлеу мәселелері талқыланды.

РФ министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, министрлердің кездесуінің алдында, тамыздың 18-інде Кеден одағы комиссиясының мәжілісі өтіп, оған РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, РФ энергетика министрінің орынбасары Анатолий Яновский, Беларусь Премьер-министрінің орынбасары Андрей Кобяков, ҚР Премьерінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Ресей, Беларусь және Қазақстан үкіметтерінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Онда Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын құрайтын келісім жобаларының әзірлену барысы талқыланды.