Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы жаңа заң жобасы жақында ҚР Парламентінде талқыланады - Ұлттық банк төрағасы

ӨСКЕМЕН. 16 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко Өскеменге жұмыс сапары кезінде Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру туралы заң жобасы жақында ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралатынын хабарлады.
None
None

Бүгінде Қазақстанда 11 зейнетақы қоры жұмыс істейді, мемлекет бұл жүйенің жақсы жұмыс істегенін қалайды, деп атап көрсетті Г.Марченко.

1999 жылдың соңында екі миллион зейнетақы есепшоттары болды, қазір - сегіз миллионнан асты. Зейнетақы қорлары салымшыларды өз жағына тарта бастады, салымшылардың ақшалары шашпашылыққа ұшырады. Көптеген қорлар аффилирлік компаниялар болды, 28-ге тарта қор банкротқа ұшырады.

«Бірыңғай зейнетақы қорына ешкімді де өз жағына тартудың қажеті жоқ. Екіншіден, онда аффилирленген тұлғалар жоқ, үшіншіден комиссиялық деңгей өзгереді», - деп нақтылады Ұлттық банк басшысы.

«Ертең ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады», - деп хабарлады Г.Марченко.

Соңғы жаңалықтар