Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жекеменшікке өтуі қауіпті емес - Р.Сәрпеков
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық банк бақылауынан шығуы қажет деді. «Ұлттық банкте орын алып отырған институттық ақауларды жою қажет. Оның бақылауынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, проблемалы кредиттер қорын және басқа да қаржы институттарын шығару қажет», - деген болатын Елбасы. Ал брифингке қатысқан Мәжіліс депутаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жекеменшік басқаруға өтуі еш қауіп тудырмайды, дейді. «Жалпы, бұл әлемдік үрдіс. Осы үрдіске сай, кезең-кезеңмен біз зейнетақы қорын жекешелендіруге келе жатырмыз. Менің ойымша, зейнетақы қорының жекеменшікке өтуінің айтарлықтай үлкен салдарлары болмайды, сондықтан қауіптенуге еш негіз жоқ», - дейді Р.Сәрпеков.