11:31, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Бішкекте «Қазақстан мен Қырғызстан: экономикалық дағдарысты еңсерудің өзара тәжірибесі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді
БІШКЕК. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігі Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлесіп, «Қазақстан мен Қырғызстан: экономикалық дағдарысты еңсерудің өзара тәжірибесі» атты «дөңгелек үстел» отырысын өткізуге дайындалуда.
ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінен хабарлағанындай, маусымның 12-сінде Қырғызстанның жетекші оқу орнында өтетін «дөңгелек үстел» отырысында дағдарыстың екі елдің экономикасына тигізген әсері талқыланады. Отырысқа Қазақстан мен Қырғызстанның жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысады. Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары келеді деп күтілуде.