Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңесі хатшыларының сегізінші кездесуі өтті

Сонымен қатар аталған шарада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев және ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Чжан Синьфэнь де болды.
Делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қабылдады. Кездесу барысында бірқатар мәселелер талқыланып, оның ішінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, ШЫҰ кеңістігінде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тақырыптары сөз болды.
Атап айтқанда, лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, сондай-ақ басқа да қатерлерге қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар атқарудың әзірлігі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңесі хатшыларының сегізінші кездесуінің хаттамасына қол қойылды.
ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.