Битум өндіру бойынша жаңа зауыт Қазақстан нарығын сапалы өніммен қамтамасыз етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа «Газпромнефть - Битум Қазақстан» ЖШС жаңа зауытының ашылуы аясында ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті және «Газпром нефть» ААҚ республиканың автожол саласына қажет сапалы жол битумын өндіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Бұл туралы аталған министрлік мәліметінде хабарланды.

«Елімізде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысы, Орталықтан аймақтарға қарай бағытталған жолдар сияқты ірі жобалар іске асырылуда. Бұдан бөлек, жыл сайын республикамызда мыңдаған шақырым автожолдар салынып, жөнделіп жатады. Жалпы республикамызда битумды өндіру бойынша үш зауыт жұмыс жасауда. Ал тағы біреуінің, яғни жылына 170 мың тонна қуаттығы бар зауыттың іске қосылуы материалды тасымалдауға қажет шығындар мен уақытты үнемдеуге, соңғы дүниежүзілік талаптарға сай битум өндірісін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл барлық жол құрылысы саласының дамуына маңызды»,- деп атап өтті ККМ вице-министрі Мереке Пшембаев.

«Газпромнефть - Битум Қазақстан» ЖШС бұл битум өнімдерінің бірқатар бағыттарда шығаруға мүмкіндік беретін және келешекте республиканың автожолдары қайта жаңғыртылуы мен құрылысына қатысатын жол-құрылыс компанияларын сапалы битуммен жабдықтайтын жаңа технологиялық кешен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум