Биыл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 100-ден аса заңға өзгерістер енгізіледі - К. Бұрханов
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру өте күрделі жұмыс. Біз биыл 15-ші шілдеге дейін жұмыс істедік. Ал Конституция бойынша депутаттар 1-ші шілдеге дейін ғана жұмыс істей алады. Бірақ, Конституциялық кеңес арқылы тиісті қаулы шығартып, 15 күн артық жұмыс істедік. Неге? Өйткені тиісті заңнамаларды әзірлеу керек болды. Енді алдағы бірінші қыркүйектен бастап, Парламент Мәжілісіне өзгертуді, толықтыруды қажет ететін заң жобалары келе бастайды. Олардың ішінде жаңа заң жобалары да бар. Барлығының саны 100-ден асады. Соларды біз биыл, бірнеше айдың ішінде жан-жақты талқылап, қабылдауымыз керек. Өйткені, бұл уақыт күттірмейтін мәселе. Заңдар толығымен реттеліп болған соң, 100 нақты қадам қарқынды түрде жүзеге асырала бастайды», - деді К. Бұрханов.