Биыл 2 мыңнан астам батысқазақстандық «Нұр Отанның» көмегіне жүгінді

ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының қабылдау бөлмесіне биылғы он бір айда 2 мыңнан астам адам өтініш жасады.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өтініштердің көпшілігі тұрғын үй, апатты үйлер, коммуналдық қызметтер бағасы, ПИК жұмысы, жер телімдерін бөлу, еңбекке орналастыру, жол жөндеуге қатысты болды.

Кестеге сәйкемс барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік құрылымдар басшылары азаматтарды қабылдап келеді. Бұл ретте Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Қазталов аудандық, Орал қалалық филиалдарының жақсы жұмысын атап өтуге болады.

Өңірде тұрғындармен байланысты одан әрі жетілдіру, мәселелерін жеделірек шешу жолдары қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар