Биыл ақылы негізде оқитын 19501 студент білім грантына ауысты - Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев

анның 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Ағымдағы жыл басынан бері 3674 студент бос білім грантына ие болды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев  өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Мемлекет тарапынан қаржы дағдарысы жағдайында студент жастарды әлеуметтік қолдауға көңіл бөлінуде. Егер мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 34840 грант болса, тек биылғы жылдың өзінде ақылы негізде білім алатын, сабақ үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» 19501 студент білім беру грантына ауысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 57 пайызын құрайтынын атап өткен жөн»,  деді ведомство басшысы.

 Ж.Түймебаевтың айтуынша, ақылы  білім алатын студенттер конкурстық негізде бос білім беру грантына ауыстырылуда. «2009 жылдың басынан бері 3674 студент бос білім грантына ие болды. Сондай-ақ 3-ші және одан жоғары курстарда білім алатын, соңғы емтихан сессиясы нәтижесінде тек «үздік» деген бағасы бар 11626 студентке қосымша білім гранттары тағайындалды.

 Облыс әкімдері тарапынан да әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мүшелері - 2936 студентке білім гранттары бөлінді. Әлеуметтік серіктестер тарапынан 1181 жоғары оқу орнының студенттеріне білім гранты тағайындалды. Сондай-ақ 84 студент ректорлар тағайындаған білім грантына ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар