12:24, 22 Маусым 2023 | GMT +5
Биыл Алматыда 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Алматы қаласында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 5 айда мегаполис экономикасы қарқынды түрде өсті. Қысқа мерзімде экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін, жылдық инфляцияның баяулауы аясында іскерлік белсенділік индексі 58,7% тармаққа дейін жеделдеді. Сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қоймалау – экономикалық өсімнің драйвері болды», - деді Ерболат Досаев елордалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде негізі капиталға 484 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2,7%-ке өскен.
«Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29 400 жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде болады деп бағалап отырмыз», - деді Е. Досаев.