Биыл Астанада ашылған балабақшаның барлығы қазақ тілінде жұмыс істейді - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы

sp; АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биыл Астанада ашылған балабақшаның барлығы қазақ тілінде жұмыс істейді. Бүгін елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалінің ашылу салтанатына орай сөз сөйлеген Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы осылай мәлім етті.
None
None

«Биыл Астанада ашылған балабақшаның 100 пайызы тек қана қазақ тілінде жұмыс істейтін болып отыр. Елорданың қазақ мектептері де өз деңгейінен көрінуде. Бір кездегідей баласын қазақ мектебіне беруге «ойланатын» ата-аналар да жоқтың қасы. Бұған осы қазақ мектептеріндегі білім сапасының арта түскендігі себеп болса керек. Мәселен, ағымдағы жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша білім ошағын алтын белгімен үздік бітірушілердің негізгісін қазақ мектептері құрап отыр. Тәуелсіз халықтық бақылаудан да қазақ мектептері жоғары бағаға ие болды», - деді О. Асанғазы.

Сонымен бірге, басқарма төрайымы дәстүрлі тілдер фестивалін өткізу науқандық жұмыс емес екендігін айтып, бұл бағытта атқарылған шараларға тоқталып өтті. «Тілдер фестивалі біздің ғана емес, қаламыздағы барлық басқармалардың, мекемелердің, қала берді әрбір азаматтың мемлекеттік тіл туралы есеп беру айлығы болуы тиіс», деді О. Асанғазы.

Соңғы жаңалықтар