Биыл Батыс Қазақстанда әйелдерге қатысты 198 қылмыстық іс тіркелді

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда әйелдерге қатысты 198 қылмыстық іс тіркелді.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының инспекторы Шынар Қапаеваның айтуынша, соның ішінде үшеуі - кісі өлімі, 50-і - тонау, 17-сі - зорлау, 9-ы - денсаулығына қасақана зиян келтіру. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста үш қылмыс тіркелсе, соның үшеуі де кісі өлімімен аяқталған. Сонымен қатар әйелдердің құқығын шектеу туралы 995 әкімшілік хаттама толтырылды. 551 қорғау нұсқамасы толтырылып, 31 адамның тәртібіне ерекше бақылау қойылды.

Түрлі шараларға қарамастан, қоғамда немесе отбасында әйел адамдардың жәбір көруі тыйылмай отыр. Жыл басынан бері Орал қаласында әйелдерге арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс жасап, онда түскендерге әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік және медициналық жәрдем көрсетілуде.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 13-23 мамыр аралығында ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес өңірде «Әйел - отбасының және мемлекеттің тірегі» атты шара өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар