Биыл БҚО-да 15 ауылға газ беріледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл республикалық бюджет есебінен 865 млн теңгеге Сырым және Шыңғырлау аудандарының 15 ауылын газдандыру көзделуде.
None
None

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, сондай-ақ облыстық бюджет есебінен 510,2 млн теңгеге Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 18 әлеуметтік нысан «көгілдір отынға» қосылмақшы.

Қазіргі кезде облыс халқын табиғи газбен қамту 92 пайызға жеткен. Соның ішінде ауыл тұрғындарының 84 пайызы газды пайдалануда.

Айта кетейік, 2015 жылы газдандыруға мемлекеттік бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді. 6,8 мың тұрғыны бар Зеленов, Қаратөбе, Тасқала және Теректі аудандарының 12 ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде газдандырылған елді мекендер саны 2014 жылғы 248-ден 2015 жылы 260-қа дейін жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар