Биыл еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі толығымен қорғалған - Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев

Министр аталмыш аудандардағы егін орағының барысымен танысып шығып, Шортанды ауданындағы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС болды. Мұнда министр биылғы астықтың сапасын зертханада зерттеулердің негізінде өте жоғары екендігін өз көзімен көрді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министр биыл республика бойынша 13,5-14,5 млн тонна астық жинау жобаланып отыр, деді. Сондай-ақ, биылғы астықтың мөлшері 13,5-14,5 млн тонна болатынын АҚШ-тың ғарыштық мониторингтік агенттігі де растап отырғанын айтқан жөн. Атап айқанда, шығарылатын астықтың экспорттық әлеуеті 6 млн тонна болуы көзделген. Оның 4 млн тоннасы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға бағытталған болса, ал 2 млн тоннасы Кавказ өңіріне шығарылатын болады.
Мұнан басқа, кейбір астық өндірушілер өздерінің жиналған астық мөлшерінің шынайы мәліметтерін бермегені үшін, оларға келесі жылы ешқандай субсидия берілмейтінін, сондай-ақ ендігі сәттен бастап астық есебіне қатаң бақылау қойылып, арнайы мониторинг жүргізілетіндігін министр Ақылбек Күрішбаев атап өтті. Сонымен қатар, биыл еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі толығымен қорғалған, деді Министр сөзінің соңында.