Биыл Қазақстан-Қытай арасындағы жаңа газ құбырының құрылысы басталады

ЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл құрылысы басталатын Қазақстан-Қытай газ құбыры Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағы арқылы өтеді.
None
None

Бұл бүгін Алматыда "ҚазТрансГаз" АҚ-ы мен қала әкімдігі арасындағы Меморандумға қол қою рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Былтыр жыл соңында Қазақстан мен Қытай басшылары азиялық жаңа газ құбырын ашқан болатын. Бұл бағдарлама одан ары жалғасады. Биыл құрылысы басталатын жаңа Қазақстан-Қытай газ құбыры республиканың бұрын газ желісі жүргізілмеген елді мекендері арқылы өтеді", дейді ҚазТрансГаз" АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғалиев. Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мен елдің экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында да айтылып, оны шешу мәселесі туралы Үкіметке нақты міндеттер жүктелген болатын. Серік Сұлтанғалиұлының айтуынша, бұл бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруда Алматыны газ желісіне қосуға арналған бүгінгі Меморандумның маңызы өте зор.

Соңғы жаңалықтар