14:18, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Биыл Қазақстанның сауда көлемі 8 пайызға өсетін болады
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстанның сауда көлемі 8 пайызға өсетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты.
«Нақты сектордың болжамды көрсеткіштерінің жоғары болуына байланысты қызмет көрсету саласының өсу болжамы 2 пайызды құрап отыр. Атап айтқанда, 2010 жылы сауда көлемі 8 пайызға, көлік қызметінің көлемі 5 пайызға, ал ақпарат және байланыс қызметінің көлемі 6 пайзыға өседі деп бағаланып отыр», деді Ж. Айтжанова. Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы экспорт көлемі болжам бойныша 51,4 млрд. АҚШ долларын, ал импорт көлемі 30,1 млрд. АҚШ долларын құрайды. «Сыртқы сауданың оң сальдосы 2010 жылы 21032 млн. АҚШ долларына жетіп, Ұлттық банктің бағалауы бойынша ағымдағы шоттың позитивтік сальдосы 2610 млн. АҚШ долларын немесе ІЖӨ-нің 2 пайызын құрайды», деді Ж. Айтжанова.