Биыл ҚР ИДМ «Investors Services Centre» қызмет көрсету орталығында 160 шетелдік компаниямен кездесу өтті
«Орталықта жиі талқыланған мәселелер: түрлі қызметтер бойынша жеңілдіктер алу; инвестицияны қолдау мен қорғау, ынталандыру саласына қатысты құқықтық актілердің жобаларын жетілдіру, әзірлеу және оған қатысу; инвестицияны қолдау мен қорғау, ынталандыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру; МЖӘ ұзақмерзімді инвестиция механизмі ретінде; инвестициялық жеңілдіктер алу бойынша өтініштерді рәсімдеуді түсіндіру; компаниялардың жобаларына қатысты мәселелерді талқылау»,-делінген ҚР ИДМ хабарламасында.
Атап айтқанда, 2016 жылы барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидатын қолдануды кеңейту қарастырылып отыр. Бұл инвесторлардың құжаттарды әзірлеп, жинауға қатысуын айтарлықтай азайтып, инвестор мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты шектейді. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ инвестициялық жобаларды тіркеуді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл шетелдік инвестордың online режимде тіркеліп, ақпарат алып, рұқсат құжаттарын алу үшін өтініштер жіберуге, сондай-ақ инвесторға көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына мониторинг жасауға мүмкіндік береді.
ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитеті инвесторлар үшін индустрияландырудың екінші бесжылдығының басым бағыттары бойынша жол картасын әзірлеуде. Құжаттар www.invest.gov.kz. сайтына орналастырылады.