Биыл Қызылорда қаласына жолаушылар тасымалы үшін 100 автобус алынады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған 2 кезеңдік жобасы әзірленген болатын.
None
None

Жобаның бірінші кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынды. Екінші кезеңде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үшжақты меморандумның негізінде биыл жылдың аяғына дейін қосымша заманауи қалалық кластағы 100 автобус әкелу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады.

«Сонымен қатар, көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа автобус паркі салынбақшы. Бүгінгі таңда автобус паркі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Қаңтар айының соңына дейін аяқталады деп отырмыз. Нәтижесімен құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер анықталып, құрылыс жұмыстар басталатын болады», - деді М.Бәйімбетов.

Соңғы жаңалықтар