17:36, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Биыл Қызылордада 72 көпқабатты үй жөндеуден өтеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдары Қызылорда қаласында күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі үйлердің 9,5 пайызы (53 көпқабатты тұрғын үй) қайта жаңғыртылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл республикалық бюджеттен 72 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 1 млрд. 751 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған 25 тұрғын үй жөнделуде.
Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 18 пайызға азаяды.