Биыл «Нұр Отан» ХДП-ның «Нұр Сұңқар» журналистер конкурсы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылады

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінен хабарлады.
«Биыл дәстүрге айналған «Нұр Сұңқар» республикалық партиялық журналистер байқауы еліміздің басты мерекесі - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Сондықтан, еліміз үшін аса маңызды осы мерекелік оқиға біздің журналистердің үлкен шығармашылық жұмыстарына мүмкіндік береді деп сенеміз», - деп атап өтті «Нұр Медиа» холдингі құрамына кіретін «Астана қаласының теледидары» бағдарламасының жаңа студиясына келген
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.
Әдеттегідей байқауға барлық бұқаралақ ақпарат құралдарының қаламгерлері, операторлары, фототілшілері - орталық БАҚ-тардан бастап аудандық шағын ақпарат құралдарына дейін қатыса алады. Байқау 18 аталым бойынша жүреді, олардың 9 - қазақ, 9 - орыс тілдерінде. Атап айтқанда, жеңімпаздар таңдаулы аналитикалық материалдар үшін, ақпарат берудегі ерекше шығармашылық көзқарасы үшін, ең таңдаулы операторлық жұмыс және де фотоматериал үшін анықталатын болады. Жас журналистердің жұмыстары да жүлделерге ие болады.
Кең көлемді қоғамдық-саяси бағдарламалар, ток-шоу, дөңгелек үстелдер, жаңалық бағдарламаларды жазуға арналған және де заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа студиялық павильон бүгінгі таңда телевизиялық бағдарламалардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.