Биыл Павлодарда бүлдіршіндерге бұрынғы сегіз балабақшаның ғимараты қайтарылады

ЛОДАР. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда үстіміздегі жылы бұрынғы сегіз балабақша ғимараты балдырғандарға қайтарылады.
None
None

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Зәуреш Мұқашева «Балапан» бағдарламасының орындалуына арналған кеңесте мәлім етті. Жиналыс аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

"Бүгінде қаланың және облыстың коммуналдық меншігінде тікелей мақсатта қолдануға жарайтын 14 бұрынғы балабақша ғимараты бар. 2012-2013 жылдарға тағы бес ғимаратты босату жоспарланып отыр", - деп атап көрсетті З.Мұқашева.

Кеңесте сондай-ақ жаңа балабақшалар салу және мемлекеттік білім тапсырыстарын жекеменшік мектепке даярлық ұйымдарына жайғастыру мәселелері де талқыланды.

Өңірде «Балапан» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Өткен жылы 10 мың бүлдіршін балабақшалар мен шағын орталықтардан орын алды. Мектеп жасына дейінге аймақ бүлдіршінінің 77 пайыздан астамы бүгінде балабақшамен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар