Биыл павлодарлық оқушылардың жазғы демалысына 256 млн теңгеге жуық қаржы бөлінбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Павлодар облысында балалардың бос уақытын қамту мен денсаулығын нығайту мақсатында 88 мыңға жуық оқушы демалысын белсенді өткізбек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Сәрсенбі күні облыс әкімдігінде әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі облыстық мәслихат пен облыстық қоғамдық кеңестің әлеуметтік және мәдени даму комиссиясының біріккен отырысы өтті.
Жиын барысында Павлодар облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Саян Мұқанов хабарлағандай, жазғы демалысқа барлығы 255,8 млн теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр.
- Демалыс пен денсаулығын жақсарту бойынша 75,7 мың оқушы, ал, бос уақытты пайдалы өткізу бойынша 12,4 мың оқушы қамтылмақ. Сонымен қатар, облыста 741 жазғы лагер ашылады. Оның 345-сі мектеп жанында, 376-сі профильді, 10-ы қала сыртында, алтауы киіз үй және төрт шатырлы лагер болмақ. Ал, жалпы өткен жылы лагерлердің саны 609 болған, - деп атап өтті С. Мұқанов.
Сондай-ақ, С. Мұқановтың айтуынша, бірнеше жылдар бойы «Богатырь Көмір» ЖШС тарапынан Екібастұз өңірінің көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап, «Қарлығаш» лагеріне 200 жолдама беріледі.
«Орленек» лагеріне 120 жолдаманы «Екібастұз Станциясы ГРЭС-2» АҚ мен «Қарасор тау-кен комбинаты» ЖШС ұсынса, «Қазхром» АҚ-ның филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты ақсулық балаларға 100 жолдаманы тегін береді.

Соңғы жаңалықтар