Биыл Шымкент қаласында 60 нысан пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының бюджеті 2016 жылдың жоспары бойынша
108,3 млрд.теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда
24,9 млрд.теңгеге ұлғайған. Оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері 29,9 млрд.теңге, облыстық бюджеттің трансферттері мен кредиттері 26,4 млрд.теңге, өзіндік кірістер 52,0 млрд.теңгені құрап отыр.
2016 жылдың 1 қазанына қарағанда бюджетті игеру жоспары
75,1 млрд. теңгені құрап, 99,5 пайызға орындалды.
2016 жылы бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теңгеге
125 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 60 нысанның құрылысын биыл тапсыру жоспарланып, қалған 65-і 2017 жылға өтпелі. Сонымен қатар, ағымдағы бюджет есебінен бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 8 мектеп, 3 балабақшаны күрделі жөндеу, транспорт саласында 59 көшені күрделі жөндеу, 98 көшені орташа жөндеу, 47 көше бойына тротуар салу, 20 бағдаршам орнату, 82 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, 686 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын жарықтандыру, су алу қаупі бар көшелерде 11,5 шақырым ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралған.
Бұдан бөлек, қаланың дамуына және тұрғындардың тұрмыс тіршілігіне бірінші кезекте қажетті 108 инвестициялық жобаның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оның ішінде
78 жобалық-сметалық құжаттамалары биыл дайын болады, қалған 30-ның дайын болу мерзімі келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таңда құны 23,2 млрд.теңгені құрайтын 28 ЖСҚ дайын. Бұл жобалар 2017 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге ұсынылған.