Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 158 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петрпавлда облыстық әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте инвестиция тарту мәселесі қаралды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінде.
None
None

Өңірге инвестиция тарту үшін қабылданған шаралар туралы СҚО әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев айтты.
Атап айтқанда, ол аудандар, Петропавл қаласы әкімдіктері, салалық басқармалармен бірлесіп, осы жылғы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері талданып, талқылантынын атап өтті. Биыл негізгі капиталға 158 млрд теңгеден астам қаражат тарту жоспарланды.
Сонымен, Тайынша ауданы «СҚО ЭФКО» ЖШС зауытын салу, «Тайынша Май» ЖШС іске қосу, «Classic AGRO» ЖШС астықты терең өңдейтін зауыт салуды ұйымдастыруға және т.б. бірқатар басқа да жобаларды салу есебінен 21 млрд теңгеден астам қаражат тартылмақ. 36,1 млрд теңгеге инвестицияны Мүсірепов ауданына арнамақпыз. Биыл «Сабан Қағазы» ЖШС сабанды целлюлозаға қайта өңдеу жобасын іске асыру, Атамекен Агро Шұқыркөл» ЖШС бордақылау алаңы, сүт-тауарлық фермалар, «АФ Приишимский» ЖШС шағын элеваторын т.б. салу жоспарланған.
«Жоспарды орындаған соң жартыжылдық қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда, инвестиция мен жыл қорытындысы бойынша 106 пайызға өсу қарқынымен 170 млрд теңге көлеміне өсімнің оң серпініне шығамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар