Биыл тұңғыш рет көшпенді елдердің ұлттық ойындары фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қырғызстанда 8-14 қыркүйек аралығында тұңғыш рет «Көшпенді елдердің ұлттық ойындары фестивалі» өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, қысқаша Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесі өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды.
None
None

Жоба осы Түркі Кеңесінің қолдауымен әзірленген. Фестиваль барысында тоғыз құмалақ, көкпар, қыз қуу, бәйге секілді әр түрлі ұлттық ойындар өткізіледі.

«Түркі тілдес ұлттар бұрын-соңды қандай да бір халықаралық ұйым шеңберінде, саяси аренада да біріккен емес еді. Ал, мына Түркі кеңесі құрылғалы 5 жылдың ішінде біздің достығымыз, ынтымақтастығымыз айтарлықтай дамыды. Оның бір дәлелі міне тұңғыш рет «Көшпенді елдердің ұлттық ойындары фестивалінің» өтетіндігі» - деді өз сөзінде Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Халил Ақынжы.

Ақсақалдар кеңесінде сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 5 маусымында Түркияның Бодрум қаласында өтетін Түркі Кеңесінің IV Саммитіне дайындық барысы, түркі диаспораларының аймақтық орталықтарын құру мәселесі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркі Кеңесі ұйымына әзірге төрт мемлекет мүше. Олар: Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан. Сондықтан бүгінгі Кеңеске осы төрт мемлекет атынан өкілдер жиналды. Қазақстан тарапынан бұрынғы сенатор Әділ Ахметов қатысты.

Соңғы жаңалықтар