Биыл Жезқазған аймағын дамытуға бюджеттен 3,9 млрд. теңге бөлінеді
Аймақ басшысы Бауыржан Әбдішевтің Жезқазғанға жұмыс сапары барысында 2012-2020 жылдарға арналған Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту Кешенді жоспарының орындалу барысын пысықтау жөнінде жиын өткізді.
«Ағымағы жылы 3,9 млрд. теңгеге 16 жобаны жүзеге асыруға белгіленді. Сонымен қатар, жалдамалы тұрғын үй құрылысы мен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша Жезқазған және Сәтпаев қалаларындағы инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылым орналастыру, Жезқазған орталық емханасын медициналық құрылғылармен жабдықтау, Кеңгір ауылының су бұрғыш жүйесін жөндеу және тағы да басқа жобалар бар» делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ ағымдағы жылы 56 отбасыны Жезқазғанның оңтүстік аймағындағы ауылға көшіру жоспарлануда.
«Жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 35 пәтерді сатып алу үшін 172 млн. теңге қарастырылуда. Тиісті республикалық органдарға 25 екі бөлмелі тұрғын үйге қаржы бөлу туралы сұраным жіберілді» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған қоса, 2020 жылғы Кешенді жоспарының барлық іс-шаралары жүзеге асырылуы нәтижесінде кен ошағының пайдалану мерзімі ұзарады және жаңалары ашылмақ. Болжам бойынша, өндірістік азық-түліктер құны 32%-ға, МСБ өнімі 9 пайызға дейін көтеріледі. Негізгі капитал инвестициясы 27 пайызға дейін жоғарылайды. Су жетілдіру жүйесі 81%-ден 20%-ға, жылумен қамтамыз ету- 72%-дан 15%-ға, су құбыры - 84%-дан 30 пайызға төмендейді. 9 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Кешенді жоспардың іс-шараларынан бөлек, ағымдағы жылы Жезқазған аймағында мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3 млрд. 646,3 млн. теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылуда.
Жиында белгілі болғандай, соңғы 2 жылдың ішінде 23,3 млрд. теңге игеріліп, 5 жоспардың аяқталып, сондай-ақ қазір 26 жоспар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Сәтбаев қаласында жылыжай шаруашылығы іске қосылса, Жезқазғанда «Ютария» тігін фабрикасы орнатылды, денсаулық сақтау және білім нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Елбасының тапырмасына сәйкес қолға алынған 2012-2020 жылдарға арналған Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту Кешенді жоспарына минералды-шикізат базасын нығайту, индустралды-инновациялық даму, аймақтағы коммуникациялық және әлеуметтік инфроқұрылым бойынша 88 іс-шара еніп отыр. Аталмыш жоспардың жүзеге асырылуы аймақтағы экономиканы әртараптандырып қана қоймай, сонымен қатар, өндірістік мекемелерді модернизациялауға мүмкіндік береді.