18:32, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Биылғы қаңтар-шілде айларында 3 351 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілді - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында электр байланыс кәсіпорындарымен 3 351 миллион теңгенің қызметі көрсетілді, оның 2 285 миллион теңгесі халыққа тиесілі, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тиісінше 4,6 және 5,8 пайызға артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.
Жедел мәліметтер бойынша, 2010 жылдың жеті айында пошталық және курьерлік кәсіпорындар 156 миллион теңге сомасына қызмет көрсетті, өсім өткен жылға қарағанда 3,5 пайызға жоғары. Байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында қалааралық байланыс 32,4 пайызды, жергілікті телефон -25,8 пайызды, халықаралық байланыс 11 пайызды, интернеттік қызмет жүйесі бойынша 21 пайызды құрады.