Биылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына 248,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы қаңтар-тамызда барлық қаржы көздері арқылы тұрғын үй құрылысына 248,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«2011-2014 жылдардағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасында жалпы 24,3 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр»,-деді Премьер-Министр. Оның сөзіне қарағанда, биылғы қаңтар-тамыз аралығында барлық қаржы көздері арқылы тұрғын үй құрылысына 248,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Жалпы ауданы 3,6 млн. шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар К. Мәсімов 2011-2020 жылдардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 81 мың шақырымнан астам жылу, электр, газбен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту қарастырылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар