Биылғы меже - 610 мың шаршы метр - Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Халықтың баспанамен қамтылуы - елдің әлеуметтік жағдайының басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан да үй-жай мәселесіне Үкімет үлкен көңіл бөліп, Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қабылдаған болатын.
None
None

Аталмыш бағдарлама облыс халқын баспанамен қамтуға едәуір септігін тигізген нәтижелі құжаттардың бірі болды. Мәселен, 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде жалпы алаңы 1592,1 мың шаршы метр жоспарланса, өткен жылы 561,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген болатын. Ал биылғы жылғы меже - 610 мың шаршы метрді құрап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл көрсеткішке мұғалімдер мен дәрігерлер үшін салынатын несиелік тұрғын үй, жалға берілетін баспаналар, коммуналдық үйлер, жеке меншік қаражатына салынатын үйлер де кіреді.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында жалпы алаңы 392 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұлардың дені жекеменшік секторға тиесілі.
Мемлекет қаржысына тұрғызылған үйлерге қоныстандыру жыл соңына дейін жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Бүгінге дейін алғашқы алты ай бойынша қаржыландыру ойдағыдай игерілуде. Несиелік үйлерге бөлінген 406,4 млн. теңге қаржы толығымен мақсатты жұмсалды. Жалға берілетін үйлердің құрылысына қарастырылған 441,2 млн. теңгенің игерілуі 96 пайызға жетті.

Соңғы жаңалықтар