13:51, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Биылғы наурызда Астанада белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47 843-ке жетті
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада қаңтар-ақпан айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер 177803 млн. теңгеге жетті. Бұл туралы қалалық Статистика департаменті мәлім етті.

«Осы жылдың 1 наурызында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 3,6%-ға өсіп, 165724 адам болды»,- делінген хабарламада.
Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, 2013 жылдың 1 наурызында нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47843-ке жетті. Егер өткен жылғы статистикамен салыстырсақ, онда олардың санының 4,3%-ға азайғанын көреміз.
Тіркелгендердің жалпы саны арасында: заңды тұлға - 6756, жеке кәсіпкер - 41082 және шаруа қожалығының иесі - 5 адам.
«Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға артып, 177803 млн. теңгеге жетті», - деп атап көрсетеді департамент.