13:24, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Биылғы сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы сәуірмен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -2009 жылдың сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«2009 жылдың сәуірінде 2008 жылдың тиісті айымен салыстырғанда нан бағасы 1,6 пайызға, жемістер мен көкөністер ? 5,4, сүт өнімдері ? 8,7, жарма ? 9,2, кондитерлік бұйымдар ? 10,3, алкогольсіз сусындар ? 15,9 пайызға қымбаттады. Ұнның бағасы 0,1 пайызға, жұмыртқа ? 9, күнбағыс майы 27 пайызға арзандады», делінген ҚР Статистика агентігінің бүгін таратқан хабарламасында. Агенттіктің мәліметінше, көрсетілген кезеңде ет және ет өнімдерінің бағасы - 8,9, шошқа еті - 18,4, шұжық бұйымдары - 13,5, жылқы еті - 6,8, қой еті 4,8 пайызға өскен.