16:47, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Биылғы жарты жылдықта «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісі 200 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды - басқарма төрағасы Қ. Келімбетов
амыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісі 200 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан аталған қордың кеңейтілген отырысында «Самұрық -Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есептіліктің алдын ала мәліметіне сәйкес, өзін-өзі ақтау жоспарында 12 ірі компания мен корпоративті орталық бойынша таза кіріс 2 еседен астам көрсеткішке орындалады. Біздің есептеуімізге қарағанда, бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша қордың жинақталған таза табысы 200 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды», деді Қ. Келімбетов.
«Ал 2010 жылдың қорытындысы бойынша негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер орындалады деп күтудеміз.