Биылғы Жолдау уақыт лебін дөп басуымен, нақтылығымен ерекше - кәсіпкер пікірі

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Биылғы Жолдау уақыт лебін дөп басуымен, нақпа-нақтылығымен ерекшеленді.
None
None
Сондай-ақ халқымыздың ынтымағы мен бірлігін сақтауға да айрықша көңіл бөлінген.Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылындағы "Ақжол-АС" шаруа қожалығының төрағасы Алпысбай Бұрханов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. -Елбасы өз Жолдауында айтқандай, қазіргідей әлемді жайлаған дағдарыс заманында онан еш қиналыссыз шығу біздің бірлігімізге байланысты. Расында, бірлік қана берекеге бастайтынын өмірдің өзі дәлелдеп келеді. Біздің шағын ғана ауылымызда сол ырысқа шақырар ынтымақтың үлгілі үрдісі бар. Соның бір көрінісі өзім басқаратын "Ақжол-АС" шаруа қожалығынан анық көрінеді. Негізгі кәсібіміз ? егін егу. Оны жүзеге асыруға жеріміз де, техникамыз да жеткілікті. Бірақ, осы бар дүниелерді пайдаға жарату үшін адам күші, соның ішінде олардың ұйымшылдығы қажет. Осы жайтты жақсы түсіне білген ұжым мүшелері ауызбіршіліктің үлгісін танытып келеді. Нәтижесінде өткен жылы 50 гектар күздік бидайдың әрбір гектарынан 52 центнерден өнім алып, облыс чемпионы атандық. Биыл да осы үрдісті сақтап, көктемгі егіске дайын отырмыз. Диқандар қауымы үстіміздегі жылы 27 гектар күріш, 10 гектар ақ егіс егуді жоспарлап қойды. Оған қосымша 80 гектар ескі жоңышқа күтімге алынады. Бір ескеретіні, жылда ауыспалы егіс тәртібін қатаң сақтаймыз. Егілетін егістің агротехникалық талаптарына ерекше көңіл бөлінеді. Сол үшін де жердің құнарлылығын арттыратын әрі жұғымды мал азығы болатын жоңышқа көптеп егіледі. Айналып келгенде мұның барлығы болашақ өнімнің негізін қалайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында "Қиындық атаулыны жеңетін бір ғана күш бар. Ол ? бірлік" деп баса айтты. Бірлік болмаса, тірлік болмайтынын жақсы сезіне білген ауылдағы 22 шаруашылық ұжымы "Өркендеу" ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бірлестігіне топтасты. Бұған дейін әр қожалық өзінің еккен егісіне қарай мемлекеттен субсидия алып келген еді. Енді бірлестікке бірігу арқылы сол субсидия мен несиенің көлемі артып, жаңадан техникалар алуға мүмкіндік тумақ. Бұл да болса ауылдағы ағайынның татулығы мен бірлігін байқатады дер едім. Бұндай игілікке бастар іс алдағы уақытта да жалғасын таба беретініне сенемін, - дейді Алпысбай Бұрханов.
Соңғы жаңалықтар