15:15, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Биылғы жылы Қазақстанда 93 миллион тонна көмір өндіріледі
trong>Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жылы Қазақстанда 93 миллион тонна көлемінде көмір өндіріледі деп күтілуде. Бұл былтырғыға қарағанда 12 миллион тоннаға төмен. Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған «Power Kazakhstan 2009» энергетиктер форумында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, көмірді өндіру көлемінің төмендеуі экспорт көлемінің азаюына байланысты. Өткен жылы Қазақстан 27 миллион тонна көмір экcпорттаса, 2009 жылы 19 миллион көлемінде сыртқа сатқан.
Д.Тұрғанов келесі жылы көмір өндіру мен шет елге сату көлемі артатынын, өйткені экономиканың алға жылжи бастағанын атап өтті. «Экономиканың дами бастауынан Ресейде көмірге сұраныстың арта бастауы мүмкін. Сондықтан олар көмірге де сұранысты арттырады», деді Д.Тұрғанов.