Биылғы жылы қуаттылық балансын тұтыну көлемі жоспардағыдан көп болды - селекторлық мәжіліс

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Биылғы жылы Қазақстан тұтынған қуаттылық балансы 13 мың 450-мегаваттқа жетті», - деп мәлімдеді бүгін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Үкіметтің селекторлық отырысында.
None
None

Оның айтуынша, алдын ала жоспар бойынша биыл қазақстандықтар қуаттылық балансын тұтыну көлемі 13 мың 300 мегаватты құрауы қажет болса, бұл көрсеткіш биылғы жылдың 21-ші желтоқсанында-ақ 13 мың 450 мегаваттқа жеткен. «Электр энергиясын өндіру 2011 жылы сағатына 86 миллиард киловатты құрайды деп болжанып отыр. Ал энергия өндіруші кәсіпорындардың жөндеу жұмыстарының көлемі жоспарға сай орындалды. Нақтырақ айтқанда, биыл 12 энергоблок пен 62 қазандыққа, 55 турбинаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тағы бір турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу», - дейді министрдің орынбасары.

Оның деректері бойынша, энергия көздерінің отын қоймаларына биылғы жылдың 26-шы желтоқсанында 3,4 миллион тонна көмір 136,3 тонна мазут жеткізілді. Жалпы алғанда барлық энергия көздерінде тұтынуға қажетті қор бар. «Ал электр стансалары алдағы уақытта да тұрақты жұмыс істеп тұрсын десек, Премьер-Министр алға қойған міндеттерді талапқа сай орындау қажет», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар