Биылғы жылы Павлодар облысында экологиялық жобаларды орындауға 744 млн. теңге жұмсалады

Ақсу қаласындағы кәріздік жүйе құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізудің бірінші кезеңінде 200 млн. теңге алады. Жобаның жалпы құны 869 млн. теңгені құрады.
Усолка өзенінің арнасын жаңарту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуге, Павлодардағы тазалау құрылғылары мен тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысына қаржы бөлінуде.
Аймақ басшысының атап өтуінше, Павлодар ауданының Пресное ауылы жанындағы Ертіс өзенінде жұмыстар жүргізу жоспарлану үстінде, сол арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауыл тұрғындарының шаруашылықтары мен үй-жайларын жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 398 млн. теңгеге Ертіс өзенінің арнасы мен оның Павлодар облысының аумағындағы ағыстарын тазалау бойынша үш жоба жасалды.