10:36, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Биылғы жылыту маусымында 68 қазандыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Ағымдағы жылдың күзгі-қысқы кезеңін бірқалыпты түрде өту үшін 3 энергоблокқа, 68 энергетикалық қазандыққа, 50 турбинаға күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бейсенбай Тұрғанов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні 3 энергоблокқа, 23 қазандыққа және 17 турбинаға жөндеу жұмыстары бітті. Жылыту кезеңінің басына дейін кестеге сәйкес 2 энергоблокты, 26 қазандықты және 15 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. «Бұл жылыту кезеңіне қалыпты режимде кіруге мүмкіндік береді», деді вице-министр.