Біз 7-ші қысқы Азиялық ойындардың ұйымдастырылуының табысты өтетініне сенімдіміз - ҚКП ОК хатшысы Лю Юньшань
Мәртебелі қонақ атап өткендей, Алматы делегация мүшелерін өзінің әсемдігімен, қарқынды дамуымен тамсандырып отырғанын, соның арқасында партия мүшелері өз елдерінде Қазақстанды, бастысы, Алматы қаласын қытайлық туристердің басым көпшілігі көруі үшін насихат жұмыстарын жүргізіп жүргенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қытайда Алматыға келіп өз жобаларын жүзеге асырам деген кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар, мәдениет, ғылым мен техниканың өкілдеріне әр кез қолдау көрсетіледі. ҚХР делегациясы да Қазақстанға байланыстар мен достық ұраны аясында қарым-қатынастарды нығайту мақсатында келіп отыр.
«Қытай мен Қазақстан жақсы көршілер, жақсы әріптестер мен достар. Біз сауда-экономикалық, гуманитарлық, білім беру, мәдениет, ғылыми-техникалық қатынастарды дамыта аламыз, сонымен қатар біз осы салалардағы байланыстардың болашағы барына сенеміз», - деп атап өтті Лю Юньшань.
Құрметті қонақ сонымен қатар қазақстандық тарапқа алдағы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруға табыс тілей отыра, Қытай үкіметінің Қазақстанды әр кез қолдап отыратынын да жеткізді. «Біз 7-ші қысқы Азиялық ойындардың ұйымдастырылуының табысты өтетініне сенімдіміз, өйткені осында, Алматыда қысқы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған», - деді ҚКП ОК хатшысы.
А.Есімов өз кезегінде, Қытай өзінің қуатты экономикасы мен табысты дамуының арқасанда жас Қазақстан үшін үлгі болып отырғанын атап өтті. «Біз екі ел арасындағы байланыстарға әр кез қуаныштымыз, олардың одан әрі дамып, нығая түсуіне де мүдделіміз. Сіздердің мемлекеттеріңіздің даму тәжірибесі біз үшін өте маңызды, сондықтан да біз, жергілікті билік өкілдері, біздің басшылығымыздың шешімдерін қолдай отырып, достық қарым-қатынастар мен байланыстардың одан әрі дамуы үшін барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.