«Біз ардагерлерді құрметтейміз» - павлодарлық жасотандықтардың акциясы

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жасотандықтар «Нұр Отандағы» ересек әріптестерімен бірге дүйсенбі, сәуірдің 5-і күні Ямышево селосындағы соғыс және еңбек ардагерлерінде қонақта болды.
None
None

«Біздің ұйымның мүшелері, студенттермен және жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің пәтерлерін жинастыруға көмектеседі, үйлердің аулаларын ретке келтіреді», - деп хабарлады «Жас Отан» жастар қанатының Павлодар филиалының төрағасы Руслан Рахымжанов.

Ямышево селосында жасотандықтар 94 жастағы Иван Маковеевтің үйінде болды. Соғыста жүргізуші болған ардагер елге денесіндегі алты жарықшақпен оралған, тың көтеруге атсалысқан, павлодарлық үлкен өнеркәсіптік құрылыстарда жұмыс істеген

«Жағдайым жаман емес. Жастар көмектесіп, қаморлық көрсетіп тұрады», - дейді ардагер жарқын дауыспен.

Ардагерлердің үйлері мен аулаларын ретке келтіргеннен кейін жасотандықтар клубта концерт берді. Ал партиялықтар село ақсақалдарын Жеңістің мерейтойымен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар