Біз әрқашан Қазақстанды қолдаймыз - Словакия Президенті

аурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада өткен келіссөздер барысында Словакия Президенті Иван Гашпарович Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының сәтті өтуіне барлық күш-жігерді салатынын айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Словакия Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Мен Қазақстан Президентіне төрағалық сәтті өту үшін барлық күш-жігерімізді салатынымызды айттым». Біз әрқашан Қазақстанды қолдаймыз. Осы тұрғыда Қазақстан жетістігі Словакияның жетістігі болып табылады», деп атап өтті И. Гашпарович.

Сондай-ақ Словакия Президенті 2010 жылы өткізуді жоспарлап отырған ЕҚЫҰ Мемлекеттер басшылары саммитінің нәтижелері жоғары бағаланатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар