Біз ашық түрде жыныстық қатынасты түсіндіретін мультфильмдерді балаларға көрсетуге рұқсат бермейміз - вице-министр

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Біз ашық түрде жыныстық қатынасты түсіндіретін мультфильмдерді көрсетуге рұқсат бермейміз. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Махметқали Сарыбеков айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын Алматы телеарнасында кешкі жаңалықтардан осындай мультфильмдер пайда болғандығы жайында сюжет көрсетілді. Онда Анна Құдиярова бастаған психологтар мультфильмдерін дәріптеу үшін көктемде арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізбек, содан соң жекеменшік мектептерде 500 балаға осы есер ертегілерін көрсету арқылы, наурыз айынан бастап тәжірибеден өткізетіні айтылған еді.

"Бізде қазір, жеке меншік ұйымдар осындай ұсыныстар тастап жатыр деген мәліметтер бар. Ондай мөлтек фильмдерді бала-бақшада, не болмаса жеке меншік мектептерде көрсетуге болмайды. Ерте жастан балалардың көзін ашу керек деген саясатқа қарсымын. Біз олардың жұмыстарын тексереміз. Мұқият бақылауға аламыз. Біз ондай фильмдерді көрсетуге тыйым саламыз", деді ҚР БҒМ-нің вице-министрі Махметқали Сарыбеков.

Соңғы жаңалықтар