Біз білім беруде Жапониядан 2 жыл артта келе жатырмыз - Халықаралық адам капиталы институтының директоры

«7-8 жаста адам интеллектісінің 80 пайызы, ал 9 жаста 92 пайызға жуығы қалыптасады екен. Сондықтан дамыған елдерде балаға білім беру ерте басталады. Мәселен Жапония 5 жастан бастап береді. Онда оқушыларға аптасына 51-52 сағат сабақ өтілсе, Қазақстанда ол 41 сағатты ғана құрайды», - дейді биология ғылымының кандидаты, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жанұзақ Әкім. Оның айтуынша, Қазақстан балаларға білім беруде Жапониядан 2 жыл артта келе жатыр. Бұл олқылық ғылымда да, өндірісте те айқын көрінеді. Сондықтан алдағы 3 жылда қашықтықтан оқытуды толық аяқтап, 2022-25 жылдары ауылдық жерлерде де жалпы жоғары білім беруге көшіру қажет. Білім жүйесінде әрбір адам 2-3 мамандықты игеріп шығуы нормаға айналуы керек. Оған Жапония 20-25 жыл бұрын көшкен.