Біз бірлігімізді нығайта түсетін боламыз - Д.Саратов, БҚО

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы көңілімде ерекше әсер қалдырды.
None
None

Себебі мұндай халықтар құрылтайының өткізілуі азаматтардың отаншылдық сезімін асқақтатып, қоғамның бірлігін нығайта түседі. Еліміздің саяси-экономикалық өркендеуінің қуатты негізі болмақ. Бұл туралы «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Данильбек Саратов мәлім етті.

Оның айтуынша, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім, небәрі жиырма жылдың ішінде жаңа, тәуелсіз мемлекет құрылып, Қазақстан таңданарлық табыстарға қол жеткізді. Енді бізге осы даму қарқынын жоғалтуға болмайды.

«Біз бірлесе отырып, өңіріміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсеттік. Осындай қиын сәтте бірлік бен мейірімділік таныту да үлкен жетістік. Қазақстанда айрықша ұлт жоқ, бәріміз де тең құқылы халықпыз. Ешкімнің тарапынан ешқандай шектеу де болған емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық қана емес, мемлекетаралық ортақ келісімді қалыптастырудың салмағын арттырмаса, ешқашан кемітіп көрген жоқ», - деді Д.Саратов.

Соңғы жаңалықтар