Біз дағдарыстан шығып қана қоймай, жалға берілетін тұрғын үй нарығын қалыптастыра білдік - Қ. Келімбетов

АНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Біз дағдарыстан шығып қана қоймай, тұтас жалға берілетін тұрғын үй нарығын қалыптастыра білдік. Бүгін Астанадағы салынып жатқан құрылыс нысандарының құрылысы барысымен танысу кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» қоры 2007 жылдан бері аяқталмай қалған құрылыстарға 300 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл шамамен 2 млрд. АҚШ доллары. 2007-2008 жылы дағдарыс салдарынан құрылыс саласы күйзеліске ұшырағандығы әлі есімізде. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын қаржыландырудың операторы етіп қойған болатын. 2010-2011 жылдары барлық қаржы игеріліп, құрылыс нысандары аяқталатынына бүгін біздің көзіміз жетіп отыр», дейді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, Үкіметтің құрылыс саласындағы бұл шешімінің арқасында 10 мыңнан астам үлескер көптен күткен баспаналарына қол жеткізеді, ал қалған 20 мыңнан аса пәтер Қазақстан бойынша жалға берілетін тұрғын үй болады. «Біз дағдарыстан шығып қана қоймай, тұтас жалға берілетін тұрғын үй нарығын қалыптастыра білдік. Бұл іске Қазақстан бойынша шағын және орта бизнес тартылуда. Қолданылатын құрылыс материалдарының 70 пайызы қазақстандық қамтудың еншісінде. Шағын және орта бизнестің дамуына да жол ашылды», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар