20:36, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Біз ел тағдыры үшін жауапкершілікті арттыруымыз қажет - «Әлия» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач
АТЫРАУ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- «Қазақстанда жұмыс істейтін этномәдени бірлестіктер ел тағдыры үшін жауапкершілікті арттыруы қажет», - дейді «Әлия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач.
«Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары азаматтықты сезініп, құқыққа ие болып, басқа бір ұлтқа жататындығымызды атаудан қорықпауға үйрендік. Ал бүгін біз азаматтық парызымызды сезініп, өз еліміздің тағдыры үшін өзімізді жауапты деп санауымыз керек », - дейді П.Ткач.
Оның ойынша, этномәдени бірлестіктер өз мәдениетін насихаттап қана қоймай, мемлекет алдында тұрған барлық мәселелердің шешімін табуға ат салысуы керек.