Біз елдегі кәсіпорын иелерін өз өнімдерінің сапасын арттыруға үйретуіміз қажет ? дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдері өзгелермен салыстырғанда керемет тартымды деуге келмейді. Олардың сырт көрінісі де ұсқынсыз және кәсіпорындар өз өнімдері жөнінде тұтынушыға жан-жақты әрі нақты мәлімет беру жағынан да ұтылып жатады.
None
None
Осының барлығы да елімізде ұйымдастырылатын көрмелер барысында анықталған кемшіліктер», - дейді Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан Республикасындағы көрме қызметін дамытудың перспективалары мен проблемалары. Көрмелер тиімділігін бағалаудың әдісі» атты дөңгелек үстел отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстанның тағам өнеркәсібі - экспортқа мақсатталған салалардың бірі. Осы сала бойынша біздің дайындаған тауарларымыз ешкімдікінен кем емес. Алайда оған қатысты мәліметтер беру жағынан біз барлық бәсекелестерімізден кейін қалып отырмыз. Осы орайда біздің тауар өндірушілерімізге айтарымыз, көрмелер ұйымдастыру барысында осыған баса назар аударғандары жөн», - деді комитет төрағасы. Оның сөзіне қарағанда, комитет өкілдері жақында көрме ұйымдастыру бойынша түрлі тауар өндірушілер арасында арнайы сауалнама жүргізген. «Оның нәтижелерінен байқағанымыз, тауар өндірушілер өз өнімдерін көрмеге сол қалпында әкеле салады. Олар өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыруға, өнімдерінің сапасына сапа қосуға құлықсыз. Сондықтан біз кәсіпорын иелерін осы мәселеде үйретуіміз қажет», - деді А.Қазыбаев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум