Біз фин компанияларының Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуына мүдделіміз-Ә. Исекешев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Финляндия инновациялық экономикасы жақсы дамыған мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстан Президент Н. Назарбаев жариялаған 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша жұмысты бастады. Сондықтан да біз үшін инновациялық экономиканы дамытудағы Финляндияның тәжірибесі өте маңызды. Фин компанияларының Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуына біз өте мүдделіміз», деді шарада Ә. Исекешев.
Ә. Исекешев Елбасының Финляндияға сапарынан кейін екі елдің арасындағы бизнес байланыстар жандана түскенін атап көрсетті. «Елші мырза, біздің қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілетініне, көптеген фин компанияларының Қазақстанға инвестиция салып, жұмыс істей бастайтынына үміттенемін», деді Ә. Исекешев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Микко Киннуненге қаратып айтқан сөзінде.