Біз халықтың банк жүйесіне деген сенімін сақтап қалдық - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» басшысы Қ. Келімбетов

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -2009 жылы еліміздің банк жүйесінде орын алған тұрақсыздыққа қарамастан біз халықтың осы салаға деген сенімін сақтап қалдық.
None
None

Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-сында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қор төрағасы атап көрсеткендей, банк саласындағы тұрақсыздық жағдайы кезінде қазақстандықтар «Альянс» банкінен  1 млрд. теңге алып кетсе,  «ТұранӘлем» банкінен кеткен қаражаттың көлемі 2,5 млрд. теңгеге дейін жетті. «Бірақ, Қазақстанның азаматтары бұл ақшаны үйде сақтамай, басқа банктерге барып салды. Сондықтан сол кездегі қаржы тұрақсыздығына қарамастан біз халықтың банк саласына деген сенімін сақтап қалдық деуге болады», деді Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ, Қ. Келімбетовтің айтуынша, алдағы уақытта аталған банктерді қайта құру арқылы олардың қарыздарын үш есеге дейін қысқарту қарастырылған. «Қазіргі кезде «Темірбанкте» де осы іспеттес іс-шараларды атқарудың нәтижесінде аталған банктің мойнындағы біраз қарыздың көлемі жойылады», деді Қ. Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар