15:03, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Біз Ирак басшылығының Астанаға Елшісін тағайындау жөніндегі шешімін құптаймыз - Н. Назарбаев
ыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Біз Ирак басшылығының Астанаға Төтенше және Өкілетті елшісін тағайындау жөніндегі шешімін құптаймыз. Бүгін Ақордада Ирак Республикасының елшісі Раджех Сабер Аббуд әл-Мусауиден Сенім грамотасын қабылдау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ирак жағрафиялық тұрғыдан Қазақстанға ең жақын орналасқан араб мемлекеттерінің бірі екенін айта келе: «Біз Иракта бейбітшілік пен тұрақтылықтың түпкілікті орнауына, осы елде тұрмыс ахуалының қайтадан қалпына келуіне мүдделіміз», деді.
Н. Назарбаев Қазақстанның әскерлері бұл елде 4 миллионнан астам жарылғыш заттарды залалсыздандырғанын, жергілікті мамандарды оқытып, бейбіт тұрғындарға медициналық көмек көрсеткенін айтып өтті.